Үйде жасалған азық-түлік тауарларының өндірісі өсуде - Деловая Жизнь Казахстана
bakery 737476 1280 Үйде жасалған азық-түлік тауарларының өндірісі өсуде
Редактор 16 апреля, 2021 647 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Үйде жасалған азық-түлік тауарларының өндірісі өсуде

Елімізде үйде жасалған тұтыну өнімдері көбінесе Алматы (54,8 млрд теңге), Павлодар (32,9 млрд теңге) және Түркістан (25,9 млрд теңге) облыстарында өндіріледі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында жеке…

Елімізде үйде жасалған тұтыну өнімдері көбінесе Алматы (54,8 млрд теңге), Павлодар (32,9 млрд теңге) және Түркістан (25,9 млрд теңге) облыстарында өндіріледі

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында жеке тұтыну және сату үшін үй шаруашылықтары өндірген тұтыну тауарларының көлемі 230,5 млрд теңге болған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға көп, деп хабарлайды finprom.kz.
Үйде жасалған тұтыну тауарларының шығындары 7,1%-ға немесе 104,8 млрд теңгеге дейін артқан. Алайда жыл сайын өндірілген өнімді сату көлемі азайып келеді. Мысалы, өткен жылы 13,4 млрд теңгенің өнімі сатылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға аз. Сонымен қатар 2020 жылы бұрын жасалған 291,4 млн теңгенің өнімі сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға кем. Үй шаруашылығында өндірілген тұтыну тауарларының 59%-дан астамы нан (35,1 млрд теңге), консервіленген немесе қайта өңделген көкөністер (34,7 млрд теңге), қаймақ және басқа да сүт өнімдері (34,6 млрд теңге), тосап, джем және повидло (31,8 млрд теңге).  2019 жылмен салыстырғанда шұжықтар мен еттен жасалған өнімдер (+20,1%), нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (+15,9%), консервіленген жемістер мен жидектер (+14,5%) көп өндірілген.
Өңірлер арасында өндірістің жартысына жуығы 3 облысқа ғана тиесілі: Алматы (54,8 млрд теңге), Павлодар (32,9 млрд теңге) және Түркістан (25,9 млрд теңге). Алматы және Түркістан облыстарында көбінесе нан пісіріледі: 11,2 млрд және 10,7 млрд теңге, ал Павлодар облысында май өндіріледі: 7,1 млрд теңге. Үй шаруашылықтарында тұтыну тауарлары өндірісінің ең аз көлемі Маңғыстау облысына тиесілі – 339,9 млн теңге.