Үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжат беруге міндетті ме? - Деловая Жизнь Казахстана
mark cloth Үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжат беруге міндетті ме?
Редактор 01 апреля, 2021 213 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 2 минуты

Үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжат беруге міндетті ме?

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде жеке тұлғаларға сатылған тауар есептен қалай шығарылады және үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуі қажет пе, осы және өзге де…

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде жеке тұлғаларға сатылған тауар есептен қалай шығарылады және үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуі қажет пе, осы және өзге де сұрақтардың жауабын бизнес өкілдері Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында ала алды.

Кездесуге мемлекеттік кірістер Департаментінің өңілдері қатысты.
Пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендерге арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша талап жоқ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген ТІЖ ресімдеу жөніндегі Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ ресімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес ЭШФ АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.
Мәселен, Қағидалардың 73-тармағына сәйкес бөлшек саудада тауарды сатуды жүзеге асыратын жеткізушінің өткізілген тауары деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде өткізілген күннен бастап күнтізбелік 16 (он алтыншы) күні виртуалды қоймадан автоматты түрде есептен шығарылады.
Бұл ретте, Қағидалардың 71-тармағына сәйкес жеткізуші мынадай өлшемшарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде бөлшек сауда субъектісі болып табылады: кәсіпкердің жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарды сатып алушыға сатуы; ЭҚЖЖ (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметі түрінің сәйкестігі; деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы.
Жоғарыда айтылғандар оңайлатылған декларациялар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер он-лайн бақылау-касса машиналарын қолданған жағдайда тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде ТІЖ ресімдемейтінін білдіреді.
Бұл ретте, 14 күн ішінде сатып алушылардың тауарды дүкенге қайтаруға құқығы бар екенін ескере отырып, бөлшек саудада өткізілген тауарды есептен шығару деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде 15 күннен кейін жүзеге асырылады.
Бұл үшін Жүйе «PRODUCT ID» жаңа жолы бар Фискалдық деректер операторынан (бұдан әрі – ФДО) алынған БКМ чектерін өңдейді. Осы жол бойынша Жүйе автоматты түрде Виртуалды қоймада тауарды табады, чектегі тауардың атауы мен өлшем бірліктері Виртуалды қоймадағы тауардың атауына және өлшем бірліктеріне сәйкес келетінін тексереді және оны есептен шығарады.
Виртуалды қоймада ФДО чектерін кешіктіруге байланысты бөлшек сатушыда қалдықтардың болуы заңнаманы бұзу болып табылмайды.
ТІЖ ерікті түрде қолданған жағдайда барлық салық төлеушілер тегін ҰКО ЭЦҚ (Ұлттық куәландырушы орталық) негізінде ЭШФ АЖ сайтында тегін жұмыс істей алады.
Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұдан басқа, Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде ТІЖ бойынша санкциялар қолданылмайды.
ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері:

  1. акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;
  2. ЕАЭО-дан әкелу/ЕАЭО-ға әкету бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;
  3. Виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚМ 384 бұйрығы) – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылады.

ДСҰ-дан алу Тізбесіндегі тауарларға және цифрлық таңбалау тауарларына ТІЖ бойынша Пилоттық жобаның басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.
Барлық туындайтын сұрақтар бойынша:`

  1. Байланыс орталығына – 1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 4;
  2. ҚР ҚМ МКК-нің Instagram-дағы парақшасы;
  3. YouTube-дағы МКК-нің арнасы;
  4. ҚР ҚМ МКК-нің Facebook-тағы парақшасы;
  5. «ҚР ҚМ МКК-мен ТІЖ енгізу» телеграмм қоғамдастығы;
  6. Facebook-тегі «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) форумы.