Апортқа қауіп төніп тұр - Деловая Жизнь Казахстана
apple 1539589 1280 Апортқа қауіп төніп тұр
Редактор 01 апреля, 2021 504 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 42 секунды

Апортқа қауіп төніп тұр

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов осылай деп дабыл қақты. Бұл туралы ол үкімет басшысынының орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Роман Склярға депутаттық сауал жолдады Сенатордың сөзінше, «алматылық апорт»…

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов осылай деп дабыл қақты. Бұл туралы ол үкімет басшысынының орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Роман Склярға депутаттық сауал жолдады

Сенатордың сөзінше, «алматылық апорт» елімізде 2000 жылдардың басында тіркелген бактериялық күйік қатерінен зардап шегуі мүмкін. Соңғы жылдары осы ауруды жұқтырған бақтардың аумағы 50 есе өскен. «Өсімдіктер карантині туралы» заңға сәйкес, бактериялық күйік инфекциясының ошақтарын анықтаған кезде 30 шақырым радиустағы ағаштар мен барлық өсімдіктерді тамырдан тазарту, өртеу бойынша карантиндік шараларды жүргізуге мәжбүр болады. Бұл миллиардтаған шығынмен қатар экологиялық апатқа  әкеледі. Мәселен, 2017-2020 жылдары Алматы облысы аумағында бактериялық күйік инфекциясымен залалданған бақ көлемі жыл сайын 1 мың гектарға дейінгі алқапты құрап отырды. Салдарынан облыс бойынша 200 гектарға дейінгі аумақтағы ағаштарды түбірімен қопару жұмысы жүргізілді», – деді Сұлтан Дүйсембинов. Депутат мамандардың мәлімдеуінше, бактериялық күйікке қатысты тиісті шара қабылдамау, еліміздің барлық жеміс екпелерінің 50%-дан астамы мен алма бақтарының толықтай жоғалуына соқтыруы мүмкін екенін айтты.