Креативті тонаушы - Деловая Жизнь Казахстана
robber Креативті тонаушы
Редактор 01 апреля, 2021 638 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 45 секунд

Креативті тонаушы

Шығыс Қазақстан облысында әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлайды ІІМ ақпараттық сайты Микроқаржы ұйымының кеңсесі тоналғаны туралы хабарлаған қала тұрғыны…

Шығыс Қазақстан облысында әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлайды ІІМ ақпараттық сайты

Микроқаржы ұйымының кеңсесі тоналғаны туралы хабарлаған қала тұрғыны полицияға тонаушының әйел екенін айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен Риддер қ. ПБ тергеу-жедел тобы, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық қызметкерлеріне жәбірленушілер мен куәгерлер де қылмыскердің қыз екенін айтыпты. Қарақшы бірден із суытқан. Алайда бір сағат ішінде жедел уәкілдер күдікті азаматты анықтап, ұстаған. «Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем көптен бері Риддер қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуылды жоспарлағаны анықталды. Әйелдер киімін киіп алып, капюшоны бар ақ түсті әйелдер күртешесі, өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі, қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска киіп алған қаскүнем танымастай өзгерді. Ол кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,– дейді полиция қызметкерлері.