Өңірдің экономикалық өсімі 101,6%-ды құрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды Аймақ…
Өңірдің экономикалық өсімі 101,6%-ды құрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды
Аймақ басшысының айтуынша, пандемия және карантиндік шектеулердің кері әсеріне қарамастан, есептік кезеңде Жамбыл облысының экономикалық өсімі 101,6%-ды құрап, оң динамика сақталған. «Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7%-ға өсіп, 230,3 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығы – 2,9%-ға өсіп, 55,1 млрд теңге, құрылыс – 6,5 %, яғни, 31,4 млрд теңге жетті. Ал пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 204,3 мың шаршы метр болды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 %-ға артқан», – деді Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, өңірдің негізгі капиталына салынған инвестиция да 21,1%-ға өскен. «Осылайша аймақ экономикасына 98,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл басынан 436 млрд теңгеге 11 жоба іске асырыла бастады, бүгінге оның 74,1 млрд теңгені құрайтын 5 жобасы орындалған», – деп толықтырды аймақ басшысы.