Маңғыстау облысына нарықтықтағыдан 17% төмен бағамен жемдік астық жеткізілмек - Деловая Жизнь Казахстана
claas 2147239 1280 1 e1624286870687 Маңғыстау облысына нарықтықтағыдан 17% төмен бағамен жемдік астық жеткізілмек
Редактор 21 июня, 2021 779 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Маңғыстау облысына нарықтықтағыдан 17% төмен бағамен жемдік астық жеткізілмек

Азық-түлік корпорациясы мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына 17 мың тонна бидай және 24 мың тонна арпа сатты. Форвардтық сатып алу бағдарламасы нан және басқа…

Азық-түлік корпорациясы мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына 17 мың тонна бидай және 24 мың тонна арпа сатты. Форвардтық сатып алу бағдарламасы нан және басқа да өнімдердің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің осындай ақпаратпен бөлісті

Мұндайғы фарвардтық сатып алу деп отырғанымыз – нақты тауарды белгіленген мерзімде жеткізуді қарастыратын мәміле. «Мұндай тәжірибе фермерлер арасында үлкен сұранысқа ие болып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша форвардтық сатып алу бағдарламасы ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында жоғары сұранысқа ие болып, ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие беру тапшылығы жағдайында қаржыландырудың қолжетімді құралы болды.
Былтыр бағдарлама бойынша 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылып, 480 мың тоннадан астам астық сатып алынды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Биыл «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ішкі нарықты тұрақтандыру бойынша алдын ала сатып алынған астықтың 410 мың тоннасын саудалаған. Оның 325 мың тоннасы ұн тарту компанияларына сатылды. Нәтижесінде 2021 жылы нан бағасының күрт қымбаттауы байқалмайды, ұнға қатысты және астық экспортын жабу немесе шектеу туралы да сұрақтар туындаған жоқ.
«Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында алынған астықтан жемшөп қорын құрды. Аталмыш қордан мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін 4 сыныпты 17 мың тонна бидай және 24 мың тонна арпа сатылды. Нарықтағы бағаның маусымдық өсуіне қарамастан, әкімдіктердің өтінімдері бойынша 20-ға жуық мал шаруашылығы кәсіпорындарына  белгіленген бағадағы жалпы көлемі 23 мың тоннадан астам 4 класты арпа мен бидай жеткізілді.
Атап айтқанда, корпорация Маңғыстау облысындағы жемшөптің жетіспеушілігі бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты фермерлік шаруашылықтарды қолдау үшін нарықтық бағадан 17%-ға төмен жемдік астықты жеткізу туралы жедел шаралар қабылдады. Қабылдауға және оны одан әрі мал шаруашылықтары арасында таратуға ыңғайлы болу үшін арпа алдын-ала 50 келілік қапшықтарға бөлініп салынды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына да арпа жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.