Сұраныстағы мамандық қандай? - Деловая Жизнь Казахстана
robot Сұраныстағы мамандық қандай?
Баян Бақкелді 25 марта, 2022 352 Экономика На прочтение: 2 минуты

Сұраныстағы мамандық қандай?

Әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқанына куәміз. Күні кеше ата-аналарымыз жұмысшы, жүргізуші мен құрылысшы мамандықтарын жоғары сұранысқа ие деп білсе, бүгінде жоғары жалақы төленетін ІТ-маман,…

Әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқанына куәміз. Күні кеше ата-аналарымыз жұмысшы, жүргізуші мен құрылысшы мамандықтарын жоғары сұранысқа ие деп білсе, бүгінде жоғары жалақы төленетін ІТ-маман, мерчендайзер, блогер, бета-тестер, модератор және басқа жаңа мамандықтар трендте.

Өзімді қойшы, балаларыма қандай бағытты сілтеймін? Болашақта немен айналысқаны дұрыс болады деп отырсыз ба? Балаңыз жақсы жұмыс тауып қана қоймай, мансап биігіне жету үшін қандай мамандық таңдағаны жөн? Мүлдем жоламауы тиіс мамандықтар қандай? Саралап көрдік. 

Инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері үшін, аталған мамандық бойынша білім алушылар үшін тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Бұл мамандықтарға деген сұраныс алдағы жылы артады. Алайда кәсібилікке, қосымша машықтарға деген сұраныс та ұялғаймақ.

Ал өзге мамандықтар үшін қиын кезең басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер қарқын алады.

Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D-принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D-принтерлер құрылысышылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.

Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады.

Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысын жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді. Орақ тілді тілшілерден кем түспейтін роботтандырылған бағдарламалар пайда болуына байланысты тілшілердің де басым бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін.

Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді де бағдарламалар алмастырады. Десе де, бұл мамандық түбегейлі жоғалмайды, тек түрленеді. Жақын аралықта ақылды қалалар мен компьютерлік жүйе дизайнерлеріне деген сұраныс туындайды.

Дегенмен, мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез-келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен комапния президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.

Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады. Себебі, жақсы мамандарға деген сұраныс – қашан да жоғары. Және мамандықтардың көбі жойылмайды, керісінше, жаңа деңгейге көтеріледі. Мысалы, өткен ғасырдың ортасында көптеген қыз телефоншы болып қызмет етсе, технология дамығаннан кейін бұл мамандық жоғалды. Алайда, байланыс қызметі әлі де бар. Бүгінде телекоммуникациялық салалар әлем бойынша миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады. Бірақ олар –  жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз. Тіпті, көп жарнамаланатын автокөлік автопилотының өзіне адам көмегіне мұқтаж.

Десе де, өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. Бүгінде ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады. Және бұл жолды таңдаған адамдар қатары толыға түсуде.

Жалпы алғанда, мамандар еңбек нарығын жіті бақылауға кеңес береді. Соңғы 10 жыл ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол 

ғаламтор саласына байланысты. Одан бөлек қолдан жасалған бұйымдар мен үй өнімдеріне деген сұраныс артып, тренд қалыптасты. Ол аздай, адамдардың крипто-валюталарды жинап немесе покемондарды аулап, компьютерлік ойындар арқылы ақша таба бастайтыны кімнің ойына кіріп-шыққан? Ал кім астероидтарды отарлаушы ретінде қызмет етуге дайын?

Не десек те, мамандардың ойынша, ертелі-кеш роботтар көптеген мамандықта адамдарды алмастырады. Сонда адамдардың басым көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Олар немен айналысады? Футурологтардың айтуынша, адамзат баласы оқиды, кемелденеді, дамиды, сүйікті ісімен айналысып, жаңа мамандықтар ойлап табады. Үкіметке роботтарға салық салып, түскен қаржыдан азаматтарға шартсыз әлеуметтік табыс тағайындаудан басқа шара қалмайды. 

 


x

Опрос среди предпринимателей и бизнесменов в рамках проекта РНФ «Деловая жизнь Казахстана».

Вотируйте за улучшение налоговой системы и других реформ в защиту бизнеса. Также, у вас есть возможность выдвинуть свои аргументы.

    1

    Тема: Создание надзорной комиссии над рабочими группами.

    Ким Екатерина Николаевна
    Председатель правления ОЮЛ «Ассоциация налоги Казахстана»

    Документ


    2

    Тема: Сервисное Государство. Сервисные гос.органы

    Барышев Максим Анатольевич
    Основатель группы компаний Учёт.kz

    Документ


    3

    Тема: Соблюдение принципа добросовестности налогоплательщиков в ходе налогового администрирования

    Карин Сакен Абуханович
    Председатель Правления ОИПиЮЛ, "Казахстанская ассоциация налоговых консультантов"

    Документ


    4

    Тема: Убрать Запрет на вычет убытков по иностранным ценным бумагам против доходов по иностранным

    Масатбаев Айдар Оралжанович
    Управляющий партнер юридической фирмы «Salyqtez» LLM Tax USA

    Документ


    5

    Тема: Администрирование по НДС

    Камеральный контроль

    Сазанбаева Екатерина Геннадьевна
    Аудитор РК

    Документ


    6

    Тема: Камеральный контроль, ошибочные уведомления, методичка.

    Тюлекбаева Татьяна Валентиновна
    Аудитор РК

    Документ


    7

    Тема: ИП, первичная документация, административная ответственность

    Есжанова Гульнур Изатбековна
    Профессиональный бухгалтер РК

    Документ


    8

    Тема: Несвоевременная постановка на регистрационный учет по НДС
    Отсутствие нормы о сроках ознакомления с документами, представленными НП в рамках исполнения уведомлений КК, и признании уведомления исполненным

    Марченко Оксана Владимировна
    Аудитор РК

    Документ


    9

    Тема: Единый аграрный налог

    Бактибаев Максут Бахтжанович
    Член правления ОИПЮЛ Мясной союз Казахстана

    Документ


    10

    Тема: Судебная практика разрешения налоговых споров

    Исмаилова Шолпан Валихановна
    Адвокат АГКА

    Документ


    11

    Тема: Улучшение работы ОСИ
    ОСИ- объединения собственников имущества

    Манарбек Абенов
    ТОО «Pater Services»

    Документ


    12

    Тема: Застой в сфере общепита и пути решения. Розничный налог

    Нурпеисова Вероника
    Советник председателя АОП РК

    Документ


    13

    Тема: Образование фундаментальная основа бизнеса

    Аубакиров Курмет Аубакирович
    Основатель компании IBC Group
    Бизнес-тренер РК

    Документ


    14

    Тема: Экономический рост РК

    Демидов Роман Владимирович
    Бизнесмен, инвестор

    Документ


    15

    Тема: Сервисное государство

    Коломин Михаил Петрович
    Управляющий проектом ИС «Параграф Юрист»
    Генеральный Директор ТОО «Компания «ЮрИнфо» собственник СИ ZAKON.KZ

    Документ