L-Capital АҚ іс-әрекетінен жапа шеккендердің хабарлауынша, оның еншілес ұйымдары тұсаукесерлерге жаңа инвесторларды тартумен, келісімшарттар жасаумен, «құнды қағаздар сатып алуға» деген желеумен қаржы жинаумен, өзге де…
L-Capital АҚ іс-әрекетінен жапа шеккендердің хабарлауынша, оның еншілес ұйымдары тұсаукесерлерге жаңа инвесторларды тартумен, келісімшарттар жасаумен, «құнды қағаздар сатып алуға» деген желеумен қаржы жинаумен, өзге де белсенді қызметтермен айналысып жүрген көрінеді
Мәселен, «Alem Group компаниялар тобы» ЖШС Алматы мен Шымкентте жұмыс істеуде. Сонымен қатар, «Alem Group компаниялар тобы» ЖШС келісімшарт жасасқан тұлғаларға
L-Capital АҚ байланысы мен қатысы жоқ деген қосымша келісімдер ұсынылады.
Бұдан бұрын «Деловая жизнь Казахстана» порталы 11 ақпанда Алматыда L-Capital Finance ЖШС қызметіне заң жүзінде тыйым салынғанын хабарлаған болатын. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала квалификациясы: 190 баптың 3 тармағы бойынша (алаяқтық). Прокуратураның тексерісінен кейін 217 баптың 3 тармағына ауыстырылды, себебі, компания қаржылық пирамида деп танылды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары, тексерістер, сараптамалар, іске қатысы бар тұлғалардан жауап алу, өзге де сотқа дейінгі шаралар жүргізілуде.
Жоғарыда баяндалған жайттарды ескере отырып, зардап шеккендер Қазақстан азаматтарын сақ болуға, яғни, L-Capital АҚ қатысы бар күмәнді ЖШС-н келісім жасамауға, оларға қаражат аудармауға үндейді. Ең дұрысы, тергеудің және сот шараларының аяқталуын күткен жөн, ол туралы біздің Интернет-басылым қосымша хабарлап отырады.