Туризмді дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек - Деловая Жизнь Казахстана
astana 3460440 1280 Туризмді дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек
Редактор 14 мая, 2021 455 Без категории На прочтение: 28 секунд

Туризмді дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек

Нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саяхат саласына инвестиция тарту мәселесін…

Нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саяхат саласына инвестиция тарту мәселесін көтерді.

Ведомство басшысының айтуынша, аталған бағытта 30 туристік жоба іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ақтау курорттық аймағында парк, гольф алаңы, сауда орталығы, қонақ үйлер салу мен Маңғыстау облысындағы көпфункционалды емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы бар. Бұған қоса Алматының туристік әлеуетін дамыту үшін бірқатар қонақ үй салынбақ.
«Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестициялар тарту қажет. Соның нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орны құрылады», – деді министр.