Алматыда құрылыс индустриясындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыру жоспарлануда - Деловая Жизнь Казахстана
construction-silhouette
Редактор 17 мая, 2021 446 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 50 секунд

Алматыда құрылыс индустриясындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыру жоспарлануда

Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсат Қиқымов, Мұхит Әзірбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері,…

Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсат Қиқымов, Мұхит Әзірбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бас мердігерлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен мемлекеттік сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдарын өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсету туралы шешім қабылданды
Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар толық қуатына жүктелмеген. Сонымен қатар, қалада бюджет қаражаты есебінен құрылыс белсенді жүргізілуде.
Осыған байланысты, құрылыс материалдарын сатып алу кезінде жергілікті өндірушілерді қолдау мәселесі өткір тұр, деп атап өтті Қошмамбетов. Оның айтуынша, Қазақстанда тиісті өндірістер немесе көлемдер болмаған кезде ғана импорттық құрылыс материалдарын сатып алуға рұқсат беретін түзетулер «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Заңға сондай-ақ 2015 жылы енгізілгенін еске салды. Алайда, мердігер ұйымдар шетелдік өндірушілердің тауарларын сатып алуды жалғастыруда.
Отырыс барысында бас мердігерлердің, тапсырыс берушілердің қатысуымен отандық өндірушілермен кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды. Кездесу қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі арасында тұрақты әріптестік қатынастарды жолға қою жөніндегі меморандумға қол қойылды.